Ақтөбе облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Мамандардың мәліметінше, бұл – жұқпалы дерт аса қауіпті әрі тез таралатын аурулардың бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында ірі қара мал арасында «қарасан» ауруы табылды. «Мәтжан» шаруа қожалығында төрт бас сиыр дәл осы індеттен өліп, ферма аумағына шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың мәліметінше, бұл – жұқпалы дерт аса қауіпті әрі тез таралатын аурулардың бірі. Инфекция ағзаға түскен соң санаулы сағат ішінде күшейіп, бір тәулік ішінде өлімге әкелуі мүмкін. Үш айдан төрт жасқа дейінгі төлдер ауруға бейім келеді.

 Айта кетейік, қожалықта 200-ден астам сиыр мен 600 қой бар. Аурудың таралуына жол бермеу үшін ветеринарлар шұғыл әрекетке көшіп, барлық қажетті дезинфекциялау және вакциналау шараларын қолға алған.

 «Ақтөбе облысы ветеринария зертханасының қортындысына байланысты ірі қараның «қарасан» ауруы расталды. Бүгінгі күнге «Мәтжан» шаруа қожалығына Көптоғай ауылдық округы әкімінің шешімімен карантин жарияланды. Эмфизематорияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесі сауықтыру шараларын жүргізуде», – деді облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда көшелер мен инфрақұрылымды тазарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде

Новости партнеров