Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алға ауданының 22 жастағы тұрғыны полицияға жыныстық зорлық көргенін айтып арызданған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі жан-жақты, әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде әріптесін өлтіріп, көміп тастаған ер адам сотталды