Ақтөбе облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

07.11.2024 14:15

Хромтау-Қарабұтақ жолы жүк және қоғамдық көліктер үшін жоқ

Ақтөбе облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылып, тағы 5 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арасында балалар да бар. Хромтау ауданы Абай ауылында екі ер адам қарлы боранға қарамастан мал қарауға шығып, иен далада адасып кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көлікті сүйреп шығарып, ауыл тұрғындарын үйіне жеткізген.

Еске салайық, облыста түнде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бүгін таңертең төрт бағыттағы қозғалыс ашылды, бірақ Хромтау-Қарабұтақ жолы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.  Болжам бойынша, өңірде түнде ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейді.

"Қатты жел, боранның әсерінен жол көрінбейді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары 7 апаттық-құтқару және 3 іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді. "Darmen" мобильді қосымшасында аймақтағы жағдайды, ауа райын әр минут сайын жариялап отырамыз. Сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарын хабарландыруларға мұқият болуды сұраймыз", – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аслан Арзымбетов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында спорт мектебінің директоры мен бас есепшісі сотталды