Жануарлар Қайрақты өзенінен өте бергенде бірін-бірі таптап кеткен
Ақтөбе облысында жүзден аса киіктің өлексесі табылды. Жануарлар Әйтеке би ауданында жаппай қырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, табын қысқы жайылымға көшу үшін «Ырғыз–Торғай» мемлекеттік табиғи резерватынан оңтүстікке қарай бет алған. Бірақ Қайрақты өзенінен өте бергенде бірін-бірі таптап кеткен. Сала қызметкерлері судан 60 аталық, 48 аналық киіктің өлексесін шығарып, залалсыздандырып көмген. Қазір қажетті сынамалар алынған.
Ақтөбе облысының аумағында 3,5 мыңнан астам киік бар.
«Экология департаменті, ветеринария саласының мамандары өзеннен сынама алып, шешімін айтады. Адам зардап шеккен жоқ. Ол жерде 22 адам жұмыс істеді, 8 техника болды», – деді Ақтөбе облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 500-ден артық жұмысшы жалақысы төленбей келген