Ақтөбеде 47 жастағы ер адамды пышақтап кетті

Жолаушылар тасымалы" АҚ марқұмның отбасына қажетті материалдыққ көмек көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 47 жастағы ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жолаушылар пойызының бастығы ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Бүгінде күдікті ұсталып, үстінен адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал марқұм жұмыс істеген компания қара жамылған отбасыға қаржылай көмек көрсетіп, қайғыра көңіл айтты.

«Қайғылы оқиға орын алған күні пойыз бастығы демалыста болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеуді құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр. "Жолаушылар тасымалы" АҚ марқұмның отбасына қажетті материалдыққ көмек көрсетті. Компания басшылығы мен әріптестері марқұмның туған-туыстарына көңіл білдіреді», – деді  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің PR маманы Нұрсұлтан Ибраев.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз кеңсе құрылысына тосқауыл қойылды

Новости партнеров