Зардап шеккендер жоқ
Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбедегі Тұрмағанбетов көшесінде алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.
"Жедел келген өрт сөндіру жасақтары оттың пәтерге және жоғары орналасқан балкондарға таралуына жол бермей, өртті 4 шаршы метр алаңда сөндірді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі №4 ауруханадағы қайта жаңғырту жұмысын уақытында аяқтауды тапсырды