Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды
Ақтөбеде бір апта бұрын із-түзсіз кеткен дәрігердің денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.
Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары оны 23 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмағанын полицияға хабарлаған. Кейін еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізді.
— Ақтөбе қаласында 1956 жылы туған, бұрын хабарсыз кеткен ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде дәрігер жоғалып кетті