Ер адамды іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды
Ақтөбелік нефролог Абай Айсағалиев 23 мамырда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Дәргерді іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған.
– Абай Айсағалиұлы - белгілі нефролог дәрігер, оны жергілікті тұрғындардың көпшілігі таниды. Ол 23 мамырда үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған. Туыстары қатты алаңдап отыр. Біз іздеу жұмысына кешеден бері қосылдық, – дейді «Zello Poisk» еріктісі Екатерина Голотина.
Ер адам көзілдірік таққан, бір көзі көрмейді. Ол қара түсті джинсы шалбар киген, сұр немесе қою көк түсрі жеңіл күртеше киген.
«Егер сіз ер адамды көрген болсаңыз немесе қандай да бір ақпарат білсеңіз, 8-707-881-20-98 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алаяқтықпен 6 адамның 63 млн теңгесін жымқырған күдікті Ресейде ұсталды