Оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды
Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын "ГАЗель" соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен "ГАЗель" автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. "ГАЗель" аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы.
Қазір жедел тергеп-тексеру үшін тергеу тобы құрылды.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан қызметінен қуылған полицейлердің саны белгілі болды