Ұрланған мүлікті сатып алушылар мен өткізу арналары анықталып жатыр
Ақтөбе қаласының криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу мақсатындағы жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында және осындай қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеп-тексеру барысында күдікті Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығымен айналысқанын мойындады. Ер азамат көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерінен велосипедтерді емін-еркін қол жеткізу жолымен жасырын ұрлап отырғанын жеткізді.
Ұрланған велосипедтерді ол әртүрлі сомаға бейтаныс адамдарға сатқан. Қазіргі уақытта күдікті төрт ұрлық фактісін жасағанын мойындады.
Ұрлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған мүлікті сатып алушылар мен өткізу арналары анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында ауыл мектебінің төбесі опырылып түсті