Ақтөбеде жарылыс болған көпқабатты үйдің жартысы тұруға жарамсыз деп танылды

29.10.2025 16:05

Қазіргі кезде зардап шеккен үйді қалпына келтіру басталды

Ақтөбеде газ жарылысынан зақым алған үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сараптама нәтижесіне сай, көпқабатты үйдің үш подъезі тұруға жарамсыз болып қалған. Сол себепті тұрғындар, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

28 отбасыға уақытша баспана берілсе, тағы 15 жанұя туыстарының үйіне орналастырылған. Қазірдің өзінде, үйдің зақымданған бөлігін бұзу ісі жалғасып жатыр. Және жобаны жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Ал содан кейін үйге күрделі жөндеу жүргізілмек.

«Жобалық институт күрделі жөндеу ісіне қатысты тиісті құжаттаманы дайындап жатыр. Сараптамадан кейін жұмыс толықтай басталады», - деді «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Ақнұр Қазбаева.

Еске салайық, төтенше жағдай биыл жазда тіркелген еді. Ақтөбе қаласының орталығында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан ер адам қаза тапқан болатын.

Оқи отырыңыз: "Киімі өртенген адам шығып келе жатты": Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды