Ақылды камера, жасанды интеллект: жаңа смартфон сатылымға шықты

19.06.2025 21:01

Үялы телфон компьютерге, кей жағдайда, тіпті интернетке қосылуды қажет етпейді

Ақылды камера, жасанды интеллект, ең бастысы – қолжетімді баға. Қазақстанда заман талабына сай жетілдірілген жаңа смартфон таныстырылды. Қуат көзі ұзақ уақытқа жететін HONOR 400 құрылғысы ғажап сәттерді сапалы таспалап қана қоймай, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

HONOR халықаралық технологиялық бренді қазақстандықтарға цифрлық құрылғылардың жаңа буынын ұсынды. Жай ғана гаджет емес, жасанды интеллект енгізілген HONOR 400 AI смартфоны – тұтынушылар үшін таптырмас көмекші. Неге десеңіз, телефонның 200 мегапиксельді ақылды камерасы суретті сапалы таспалап қана қоймай, оны түрлендіруге, тіпті қимыл-қозғалыс жасауына, 30 есе жақындатуға мүмкіндік береді. Мұның бәріне еліміздегі танымал фотографтың куә болыпты. Елорданың әсем жерлерін осы смартфонмен суретке түсірген ол керемет әсер алғанын айтты. 

 «Әрдайым камераға және оның мүмкіндігіне назар аударамын. Бұл смартфонның камерасы жоғары деңгейде жетілдірілгеніне көзім жетті. Әсіресе, жасанды интеллекттің көмегімен ғажайып фотолар жасадым. Бұрын-соңды жай ғана телефонның көмегімен керемет сурет түсіруге болатынын білгенде, кәсіби фотоаппаратты пайдаланбас едім», – деді фотограф Асқар Бумага.

Жасанды интеллект – қазір қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылып жүр. Сәйкесінше, алаяқтар да әккі әрекетін цифрлық жүйеде жүзеге асыра бастаған. HONOR-400 смартфонын әзірлеушілер бұл жағдайды да назардан тыс қалдырмапты. Жасанды жады жалған қоңырауларды жылдам анықтайды. Бұдан бөлек, жұмыс барысында аудармашы қызметін де атқарады. Ал қуат көзі смартфонды тәулік бойы белсенді пайдалануға жетеді. 

«Бұл құрылғының негізгі ерекшелігі – көптеген жұмыс процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ алаяқтардан сақтануға көмектеседі. Заман талабына сай жетілдірілгендігіне қарамастан, бұл смартфонның бағасы қымбат емес», – деді HONOR PR менеджері Кирилл Чорней.

Баға демекші, ұялы телефон кез келген тұтынушыға қолжетімді. Бүгіннен бастап сатылымға шығарылған сыйымдылық жады 256 ГБ HONOR 400-дің құны 249 990 теңге болса, 512 ГБ-ы 289 990 теңге. Әзірлеушілер құрылғыны пайдаланушылар үшін ыңғайлы етіп жасауға тырысқанын да айтты. Смартфонның салмағы жеңіл, өзі жұқа, ал экраны қатты күн сәулесі түссе де, анық көрінеді.

 «Биыл HONOR бренді өзінің жаһандық «Альфа» жоспарын жариялады. Басты мақсатымыз – жасанды интеллектіні адамның көмекшісі ету. HONOR 400 сериясын іске қосу арқылы мобильді технологиялардың деңгейін көтеріп жатырмыз. Бұл – жай ғана гаджет емес, шығармашылықпен айналысуға да мүмкіндік беретін құрал. Осындай заманауи құрылғыны алғашқылардың бірі болып Қазақстан нарығына шығарғанымызға өте қуаныштымыз», – деді   HONOR Қазақстандағы аймақтық директоры Джонибек Вэй

Айта кетейік, HONOR-400 үшінші құрылғылардың қатысынсыз жұмыс жасай береді. Нақтырақ айтсақ, компьютерге кей жағдайда тіпті интернетке қосылуды қажет етпейді. Сондай-ақ жасанды интеллектімен жұмыс жасайтын ақылы қосымшаларды жүктеу керек емес. Оның бәрі смартфонда тегін қолжетімді.

Аяулым Көлжігіт, Ернат Болатбек