Соңғы уақытта тұрғын үй кезегіне байланысты алаяқтық фактілері тіркелуде. Қаскөйлер өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстырады. Олар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы хабарласып, сенімге кіруге тырысады, деп хабарлайды Almaty.tv
Алаяқтар көбінесе "үй кезегі келді", "пәтер кілтін жедел рәсімдеу керек" деген сылтаумен азаматтардан жеке деректерін сұрайды немесе ақша талап етеді. Мұндай әрекеттер — заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Білгеніңіз абзал
Қауіпсіздік шаралары
Егер сізге күмәнді хабарлама немесе қоңырау түссе, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: Әскер туралы жалған оқиға ойлап тауып, жұрттан ақша жинаған күдікті ұсталды