Референдумға дейін:
24
күн
8
сағат
1
минут

Алаяқтарды абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды

Polisia.kz
Polisia.kz

Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам абоненттік нөмір интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүргізілген мұқият талдау және жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарды қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды. Бұл нөмірлер азаматтарға, оның ішінде шетелде жасалатын алаяқтық қоңырауларға пайдаланылған. Бірінші SIM-карталарды жаппай тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp мессенджеріндегі растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды. Осылайша алаяқтар қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда қолданған.

Жедел іс-шаралар барысында киберполиция қызметкерлері екінші қатысушыны анықтады. Ол –телефондарға арналған аксессуарлар дүкенінің сатушысы. Клиенттердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына қосымша абоненттік нөмірлер рәсімдеп, өткізіп отырған. Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам абоненттік нөмір пайдалануға қосылып, интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды.

Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Полиция мұндай заңсыз схемаларға қатысу, жәбірленушілермен тікелей байланыс болмаса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мессенджерлердегі растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіздер және үшінші тұлғаларға өз атыңызға SIM-карта рәсімдеуге келіспеңіздер, бұл қылмыстық схема болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ақпарат көзі Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Шымкентте көлік газ реттеу пунктіне соғылып, жарылыс болды

Новости партнеров