Референдумға дейін:
24
күн
16
сағат
59
минут

Шымкентте көлік газ реттеу пунктіне соғылып, жарылыс болды (видео)

Кадр из видео
Кадр из видео

Жүргізуші көліктен шығып үлгерген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабында жеңіл автокөліктің шкафтық газ реттеу пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша алаулы жану орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері қысқа уақыт ішінде жауынгерлік қанат жайып, өртті сөндіру және құрылымдарды салқындату үшін екі өрт сөндіру оқпанын берді.

Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы жеке тұрғын үйдің терезе әйнектері зақымданған.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші қатты жану басталғанға дейін көліктің салонынан өз бетінше шығып үлгерген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда табақ шыны импортын алмастыру үлесі 50%-дан асты

Новости партнеров