Алаяқтардың жаңа айласы: қазақстандықтарға «емханадан» күмәнді қоңыраулар түсуде

03.04.2026 12:40

Денсаулық сақтау министрлігі маңызды ескерту жасады 

Depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде азаматтарға емханаларға барғаннан кейін түсетін күмәнді қоңыраулар туралы ақпараттың таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады, - деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осындай жағдайлар еліміздің әртүрлі өңірлерінде тіркелуде және, әдетте, медициналық ұйымдардың қызметіне байланысты емес. Алаяқтар азаматтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың сенімін пайдаланып, өздерін емхана немесе басқа мекемелер қызметкерлері ретінде таныстырады.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды келесі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

• SMS-кодтарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
• телефон арқылы алынған ақпараттың шынайылығын тексеру;
• күмәнді қоңыраулар болған жағдайда өз медициналық ұйымына немесе құқық қорғау органдарына жүгіну.

Азаматтарға өздерінің тіркелу мәртебесін eGov.kz/eGov Mobile порталы немесе Damumed қосымшасы арқылы дербес тексеру ұсынылады.

Медициналық ұйымдарға қабылдауға жазылу eGov.kz / eGov Mobile порталы, медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөліміне телефон арқылы жүгіну арқылы жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.

SMS-кодтар пациенттерге тек цифрлық сервистерде авторизациядан өту шеңберінде ғана жіберіледі. Медициналық ұйым қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайды.

Қазіргі уақытта пациенттердің қабылдауға барғанын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жүйелердің бұзылуы немесе рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелмеген.

Азаматтардың жеке деректерінің ықтимал таралуы бойынша ресми өтініштер түскен жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тексерулер жүргізіледі.

Сонымен қатар, сипатталған жағдайлар азаматтарды жаңылыстыру арқылы олардың жеке деректері мен қаржылық сервистеріне қол жеткізуге бағытталған кең таралған алаяқтық схемалардың белгілеріне сәйкес келеді.

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық сервистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер анықталды