Алаяқтар Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі болып хабарласып жүр

Depositphotos
Depositphotos

Қаскөйлер қазақстандықтарға 250 немесе 270 нысандар бойынша декларацияның мерзімі өтіп кеткенін немесе деректерде қате бар екенін айтып, олардың жеке деректерін алуға тырысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өзін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалатын алаяқтар әрекеті жиілеп кетті. Осы мәселеге байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаскөйлер қазақстандықтарға 250 немесе 270 нысандар бойынша декларацияның мерзімі өтіп кеткенін немесе деректерде қате бар екенін айтып, олардың жеке деректерін алуға тырысады.

"Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды. Тиісінше ешқандай код, құпиясөз немесе жеке деректер талап етілмейді. Бұл 250, 270 және өзге формаларға да қатысты", — деді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Гүлжан Қалменова елордада өткен брифингте.

Комитет азаматтарға барлық хабарламалар мен салықтық міндеттемелер туралы ақпаратты тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы ғана білуге болатынын еске салды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адамға үкім шықты

 

Новости партнеров