Бұл туралы Алматыда Қоғамдық кеңес пен Полиция департаменті өткізген кездесуде мәлім болды
Биыл алаяқтық жолмен алынған 160 миллион теңгеге жуық қаржы иесіне қайтарылған. Бұл туралы Алматыда Қоғамдық кеңес пен Полиция департаменті өткізген кездесуде мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Диалог форматында өткен жиында қала тұрғындарына интернет алаяқтардан қорғану жолын түсіндірген мамандар жеке деректерді сақтау, жалған ақпаратты тану және цифрлық этика ережелеріне қатысты кеңес берген.
«Өте көп ақша кері қайтарылып жүр. Ұлттық банкпен бірге антифрод жүйесі ашылған. Жүйе бойынша 160 миллиондай ақшасын кері қайтарғандық. Өте көп адам қылмыстық жауапқа тартылды», – деді ПД Киберқылмысқа қатысты іс-қимыл басқармасының аға жедел өкілі Өміржан Кәріпбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда мобильді топтардың жұмысын күшейту бағытында семинар басталды