Ол учаскелерді 1 млрд 300 млн теңгеге сатып жіберген
Алматыда мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемденген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдікті жалған келісімдер жасау арқылы учаскелерді 1 млрд 300 млн теңгеге сатып жіберген. Бастапқыда әкімдіктің қаулысымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына уақытша пайдалануға берілген. Бұрын жылжымайтын мүлік саласында қызмет еткен азаматтың өз жұмыс тәжірибесін пайдаланып, жер телімдерін заңсыз жолмен жеке компанияның атына рәсімдеп алғаны тергеу барысында белгілі болды.
«Соттың санкциясымен нарықтық құны 13,6 млрд теңге болатын жер телімдеріне тыйым салынды. Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарлануда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Ең сорақысы полицейлер қос жеткіншекті әкелген соң, Түркістан облысы адвокаттар алқасының бланкісіне жалған ордер жасаған. Тергеуші ол үшін Шымкент қаласындағы адвокаттың аты-жөнін пайдаланған. Жасөспірімдердің қорғаушылары адам құқығы бұзылған бірнеше дәлелді алға тартып отыр. Дегенмен, сот айыпталушылардың негізін ескерусіз қалдырды. Ал шымкенттік адвокатқа жалған қол қойғызу бойынша бөлек арыз қалдыру керек.
Оқи отырыңыз: Ақтауда көлік қаққан екі баланың бірі жансақтау бөлімінде жатыр