Алаяқтық жасады деген күдікті Дубайдан экстрадицияланды
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алаяқтық жасаған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында Wildberries компаниясына инвестиция салуды сылтауратып, оған қоса сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшаcын иемденген.
Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ол сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Алматы BYD электробустарын шығаратын жаңа орталыққа айналуы мүмкін
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 11:45
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39