Құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асыру кезеңінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асты
Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактурасын жазып беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиналған материалдар бойынша бірқатар қылмыстық іс тіркелген, онда «кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар» компанияларының басшылары күдікті ретінде өткен.
Құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асыру кезеңінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асты.
Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар Қылмыстық кодексінің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Кінәлі адамдарға мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның әртүрлі мерзімдері тағайындалды.
Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды.
Оқи отырыңыз: Алаяқтық жасады деген күдікті Дубайдан экстрадицияланды