Алаяқтық жасап, іздеуде болған Қазақстан азаматы Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2018-2023 жылдар аралығында Алматы тұрғындарының сеніміне кіріп, 19 миллион теңге сомасындағы қаражаты мен мүлкін иемденіп кеткен. Сондай-ақ коммерциялық компанияға 82 миллион теңгенің тауарын жеткізіп бермепті. Шекара асып, жасырынып жүрген күдікті биыл Сауд Арабиясында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге жеткізілген. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

«Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кету керек, күдіктінің экстрадициясы Қазақстан Бас прокуратурасы жасасқан Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы экстрадициялау туралы келісімнің арқасында жүзеге асты», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Женпейісов.

Оқи отырыңыз:  Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды

Новости партнеров