Алаш арыстарының кейпіне енген азаматтар дауыс берді

Ақтауда құқықбұзушылық тіркелмеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда Алаш арыстары референдумға қатысып, дауыс берді. Өз таңдауын жасағандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы мен Мұстафа Шоқай, тіпті Маңғыстау өңірінен шыққан атақты жырау Сүгір Бегендікұлы да бар. Нақтырақ айтсақ, аталған Алаш азаматтарының кейпінде келген театр әртістері таңдау жасау учаскесінде төбе көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Алаш арыстарының кейпінде келген әртістерді көргенде таңданыс барын жасырмады. Кейіннен көпшілік олармен топтасып естелік суретке түсіп жатты. Дауыс беруге келгендердің қатарында Мұстафа Шоқай мен Міржақып Дулатұлының рөліндегі әртістер бар. Өздерімен де тілескен едік. Олардың айтуынша, жауапты сәтте ұлы тұлғалардың кейпінде келу - үлкен жауапкершілікті сездіреді.

"Алаш азаматтарының кейпіне ену – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Мұстафа Шоқай атамыздың қазаққа сіңірген еңбегі зор. Жаныма жақын болған соң образын сомдауды жөн көрдім", – деді театр әртісі Қайрат Еркебаев

"Алаш арыстарындағы Мыржақып «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты» деп жырлайды. Референдумға келген себебім де – осы, – деді театр әртісі Абзал Ратбек.

Өңірде жағдай бірқалыпты. Таңғы 7:00-ден бері мұнда құқықбұзушылық тіркелмеді. Күні бойы дауыс беруге келушілердің қарасы қалың болды. Қазір ел аяғы сәл саябырсыған сыңайлы.

Жасұлан Мұқан, Ақтау

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында 114 жастағы кейуана дауыс берді

 

Новости партнеров