«Алатау формуласы»: Алматыда ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері таулы аумақтарды дамыту мәселесін талқылады

20.10.2026 15:48

Қатысушылардың пікірінше, таулы аумақтарды дамыту кезінде экологиялық талаптар ескерілуі керек

Алматыда ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері бас қосып, шаһардың таулы аумақтарын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Алатау формуласы: экология – ғылым – даму» деп аталатын дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Satbayev University ғалымдары, жас зерттеушілер және Жаңа леп қоғамдық қозғалыс өкілдері қатысты.

Олар Іле Алатауының табиғатын сақтау, туристік инфрақұрылымды дамыту және таулы аймақтарға түсетін жүктемені реттеу жайын талқылады. Қатысушылардың пікірінше, таулы аумақтарды дамыту кезінде экологиялық талаптар ескеріліп, кез келген шешім ғылыми зерттеулерге негізделуі керек. Яғни, табиғатты қорғау мен инфрақұрылымды дамыту арасында тепе-теңдік болуы керек.

«Ағаштарды кескен жағдайда және қызыл кітапқа кіретін ағаштар, өсімдіктеріміз бар. Соларды сақтай отырып, қалай дамуымыз керек? Осы тақырыпта түрлі пікір айтылды. Сұрақтар қойылды. Әсіресе, геоинженерия, геофизика саласының мамандары пікірін айтты. Ғылыми негіздемесін ұсынды. Көкжайлау мәселесін барлығы қолдайды», – деді  «Jana Lep» қоғамдық қозғалысының мүшесі Мақсат Мамадияров.

Оқи отырыңыз: Almaty SuperSki: Алматы тауларында жаңа соқпақтар жүйесі жолға қойылмақ

Толық көрсету