Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, әуе көлігі төрт адамға арналған
Алатау қаласында аэротакси сынақтан өтіп жатыр. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, әуе көлігі төрт адамға арналған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Яғни, алдында екі, артында екі орын болады. Ол 1 сағатта 200 шақырымды жүріп өтеді. Жүретін радиусы 250 шақырымға дейін жетеді. Министр бастапқыда жол жүру құны қымбаттау болатынын жасырмады. Болашақта саны көбейгенде, бағасы қолжетімді болады деп ағынан жарылды
«Қазір қону алаңдары салынып, осы аппараттарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз тиісті нормативтік-құқықтық актілерді Парламентке енгіздік. Парламент қолдау білдіріп, жуық арада барлық қажетті құжаттарды аламыз деп үміттенеміз», – деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Оқи отырыңыз: Үкімет инфрақұрылымды, сервис пен техниканы жаңарту бойынша жұмысты күшейтеді