Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

23.02.2026 14:42

Жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады

Almaty.tv

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

«Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28-37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0-10 градус аяз шамасында болады», – делінген болжамда.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болады