Мамыр айы еліміздің әр өңірінде болған қылмыстық оқиғалар мен төтенше жағдайлармен басталды. Жол-көлік апаттары, өрт оқиғалары, полиция тіркеген ауыр қылмыстар мен күтпеген жағдайлар қоғам назарын аудартты.
Almaty.tv тілшісі апта ішінде болған ең өзекті оқиғаларға шолу жасады.
Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталды
Күдікті банк ғимаратына терезе арқылы кірген. Алматы полициясының мәліметінше, оқиға түнде болған. 32 жастағы ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға кірмек болған, алайда брондалған шыныдан өте алмаған.
Талдықорғанда автобус қағып кеткен оқушы көз жұмды
Талдықорғанда автобус жүргізушісі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті.Өкінішке қарай, мектеп оқушысы оқиға орнында жан тапсырған.
Ақтауда көлік қаққан жасөспірімдер жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтауда 2013, 2014 жылы туған жасөспірімдерді көлік қақты.Оқиға қаладағы шағынаудандардың бірінде болған.
Шымкентте оқушыны алаяқтар алдап, 2 миллион теңгесін қолды қылған
Шымкентте 6-сынып оқушысы ойын ойнаймын деп, алаяқтарға алданып қалды.Әлдебіреу оған мобильді ойынның жетілдірілген аккаунтын сатпақ болған.
Жетісу облысында өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды
Жетісу облысында Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметкердің денесі табылды.
Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, бір қазақстандық әйел қаза тапты
Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға дейін баратын рейске отырар кезде 3 қазақстандық әйелдің үстіне жарнама тақтасы құлаған.
Теміртауда өте ұят жағдай болды. Ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен. Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.
Толық шолуды біздің YouTube арнамыздан көре аласыз.