Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады

18.01.2026 12:21

«Қалау» мен «мақсаттың» арасында айырмашылық бар

Depositphotos.com

Мақсат қою - өз өміріңнің бағытын саналы түрде анықтап, оған жету жолын жоспарлауды үйрететін дағды. «Қалау» мен «мақсат» арасында айырмашылық бар: мақсат нақты, өлшенетін әрі жоспарлы болады. Мысалы, жай ғана «кәсібімді дамытқым келеді» деп айту жеткіліксіз. Ал «2026 жылдың соңына дейін орталықта жаңа дүкен ашамын, бизнес-жоспар жазып, тәжірибелі кәсіпкермен кеңесемін» деген сияқты нақты әрі уақытпен шектелген мақсат әлдеқайда тиімді,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мақсат қоюдың пайдасы

Мақсат қою адамның өмірі нақты арнаға бағыттайды, жетістікті өлшеуге мүмкіндік береді және күш-қуат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мақсатсыз әрекеттер еш нәтижеге жеткізбеуі мүмкін.

Жақсы мақсат нақты, өлшенетін, қолжетімді және өмір мәнімен үндес болуы керек. Мысалы, 35 жасқа дейін екі бөлмелі пәтер сатып алу немесе айына 1 млн теңге табыс табу сияқты нақты мақсаттар тиімді. Ал «жақсы өмір сүру» немесе «көп ақша табу» сияқты нақты емес мақсаттар нәтиже бермейді.

Мақсат қоюдағы қателіктер

Кейде адамдар мақсатын қоғамның немесе басқа адамдардың үмітіне сай қойып, өз жүрегінің шынайы қалауынан ауытқып кетеді. Үлкен әрі күрделі мақсаттар да жиі басталып, аяқталмай қалады. Сонымен қатар жаңа жағдайлардан қорқу, жауапкершіліктен қашу немесе өзгерістерге бейім болмау да жетістікке жетуге кедергі жасайды.

Мақсатқа жету жолдары

Мақсатқа жету үшін алдымен не істегің келетінін анықтап, өміріңнің әр саласында теңгерім жасау маңызды. Мақсатты SMART әдісіне сәйкес жазу керек: Specific (нақты), Measurable (өлшенетін), Attainable (қолжетімді), Relevant (мағыналы), Time-bound (уақыты көрсетілген).

Үлкен мақсатты кіші кезеңдерге бөліп, әр қадамды жоспарлау мотивацияны сақтауға көмектеседі. Әр аяқталған кезең үшін өзіңе кішкентай марапат беру немесе қуанышты нәрсе жасап отыру ынтаны арттырады. Әрбір жетістікті жазып отыру бағдарды байқап, кедергілерді түсінуге көмектеседі.

Нәтиже болмай жатса...

Егер нәтиже болмай жатса, жоспарды қайта қарап, уақыт межесін нақтылау немесе мақсатты кіші бөліктерге бөлу қажет. Жазбаларды қарап шығып, жеткен жетістіктерді бағалау да маңызды.

Өмірлік мақсаттарды дұрыс қою мен жоспарлау санаулы әрекеттер жүйесін қалыптастырады. Нақты, мағыналы мақсаттар сенің күшіңді дұрыс бағытқа жұмылдырып, нәтижеге тезірек жетуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұл жеке даму мен табысқа жетелейтін дағдыға айналады.

Дереккөз: secrets.tbank.ru

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады