Референдумға дейін:
17
күн
10
сағат
52
минут

Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Әртүрлі қоспа араласқан сүттің пайдасы мол 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Диетолог және реабилитолог мамандар қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, әртүрлі қоспалар қосылған сүт осындай қасиеттерге ие. Яғни, сусынға куркума, кардамон және бұрыш қосуға болады. Бұл дәмдеуіштердің қабынуға қарсы қасиеті бар.

Сонымен қатар олардың барлығы майда ериді, сондықтан олар сүтпен біріктіріледі.

"Осы дәмдеуіштер онкология мен жасқа байланысты ауруларды қолдану деректерін байланыстырып, біз барлық жерде теріс корреляция, теріс байланысты көреміз. Бұл тағамда неғұрлым көп болса, қартаюдың барлық жағымсыз нәтижесі соғұрлым аз болады", - дейді ресейлік диетолог маман Михаил Гинзбург.

Сондай-ақ реабилитолог мамандар сүтке бал қоссаңыз, бұл сусын ұйқысыздықтан қорғай алатынын айтты.Яғни, ақуыз өнімі сияқты сүтте ұйқы гормоны - мелатонинге айналатын триптофан аминқышқылы бар.

Бұл жағдайда міндетті шарт - қараңғыда жату керек, өйткені жарықта триптофан мелатонинге айналмайды.

Оқи отырыңыз: Cібір жарасы: Атыраудағы мал базарында жұмыс істейтін бір адам ауруханаға түсті

Новости партнеров