Алғабас шағынауданындағы мектеп қолданысқа беруге дайын

01.12.2025 20:44

Құрылысы биыл сәуірде басталған нысанда ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған

Алматыда жақында 2 мың балаға арналған жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заманауи үлгіде бой көтерген ғимаратта 80 кабинет қарастырылған. Оның ішінде тігін шеберханалары, балалардың дамуына арналған бөлмелер, кең спорт және мәжіліс залдары, сондай-ақ жайлы асхана бар. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алғабас шағынауданындағы жаңа білім ошағының ашылуына дайындығын көрді. Құрылысы биыл сәуірде басталған нысанда ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған. Мектеп желтоқсанда қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл мегаполистің әр ауданында 22 мың 500 орындық 12 мектеп ашылып, оқушылардың сапалы әрі қолайлы білім алуын айтарлықтай жақсартты.

«Бұл мектептің құрылысын биыл сәуірде бастағанбыз. Нысанды осы айда тапсыруымыз керек, пайдалануға беру актісін қол қоюға даярлап жатырмыз. Мектеп қолданысқа берілуге толық дайын. Тек ұсақ-түйек жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар білім ордасына кіреберіс жолдарын жасап, аумағын толық абаттандырып бердік», – деді құрылыс компаниясының жетекшісі Ернат Рымханов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жексенбаев көшесіндегі қозғалыс шектеледі