Цифрлық көмекші: жасанды интеллект Қазақстанның еңбек нарығын қалай өзгертеді?

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Нейрожелілер жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне жұмысты өздері тауып беретін болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасанды интеллект Қазақстандағы отбасылардың мемлекеттік көмекке қаншалықты мұқтаж екенін бағалайды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте республиканың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізетін учаскелік комиссиялар жұмыстың цифрлық форматына көшуде. Пәтерлерді аралау кезінде олар арнайы мобильді қосымшаны пайдаланады. Жасанды интеллект жүйесі фотосуреттер арқылы тұрмыс жағдайын бағалап, адамға мемлекеттен жәрдемақы қажет пе, жоқ па — соны анықтайды.

Дегенмен, әзірге технология тек шешім қабылдауға көмектеседі. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау құқығы әлі де учаскелік комиссия мүшелерінде қалады. Цифрландыру бұл процесті ашық етіп, өтінімдерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект біртіндеп жұмыспен қамту саласына да енгізіледі. Енді нейрожелілер жергілікті ЖОО мен колледж түлектеріне жұмысқа орналасудың нұсқаларын өздері ұсынады.

«Түлек оқу орнын бітірді делік. Жүйе оның оқуды аяқтағанын автоматты түрде көреді. Біз оның қандай мамандық пен білім алғанын көреміз. Осыдан кейін азаматқа: «Сізге жұмысқа орналасуға немесе құзыреттілігіңізді арттыруға көмектесейік» деген автоматты хабарлама жіберіледі. Адам шағын профильдеуден өтіп, қалайтын лауазымын, жалақысын және еңбек жағдайын толтырады. Содан кейін жүйе барлық ақпаратты сараптап, еңбек нарығындағы сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев.

Жыл соңына дейін республикада зейнетақы төлемдерін тағайындау және тарихи отанына оралуды жоспарлап отырған этникалық қазақтар үшін «қандас» мәртебесін ресімдеу кезінде де нейрожелілерді енгізу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров