Алматыда таңға жуық жер сілкінісі сезілді

17.10.2024 03:51

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ

elements.envato.com

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, Алматы қаласында 2 балдық жер дүмпуі болған.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан,» - деп атап өтті қалалық ТЖД.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту шаралары қалай жүзеге асып жатыр