Алматы – арман қала: Оңтүстік астанада әдеби-сазды кеш өтті

Іс-шара аясында республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, үздік деп танылған авторлар марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік астана төрінде «Алматы – арман қала» атты салтанатты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған рухани жиында ақын Жұмекен Нәжімеденовтің бұрын-соңды жарық көрмеген туындылары топтастырылған «Балауса» кітабы оқырманға жол тартты. Жиналған қауым бұл басылымды ұлттық мәтінтану саласындағы ірі белес әрі әдебиет әлеміне қосылған баға жетпес қазына деп бағалады. Кеш барысында ақындар әсем қалаға арнаған жырларын оқыса, танымал эстрада жұлдыздары шаһар туралы әуезді әндер шырқап, мерекенің ажарын аша түсті.

«8 қаңтарда ашық конкурс жариялап, қорытындысына жеттік. Қаншама ақын-жазушы республикалық деңгейде ұсынысын берді. Нәтижесінде  Қазақстан Жазушылар одағының сараптамасының негізінде бүгінгі шара өтіп жатыр», –деді қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев.

Іс-шара аясында республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, үздік деп танылған авторлар марапатталды. Сонымен қатар дәстүрлі республикалық «Асыл сөз» әдеби сыйлығының иегерлері анықталып, төл әдебиетіміздің поэзиясы мен прозасын дамытуға үлес қосып жүрген қаламгерлердің еңбегі еленді. Марапаттар бірнеше номинация бойынша үлестірілді.

«Сонау 50-60-жылдардан басталатын әндер айтылып, күй тартылып жатыр.  Мұндай кешт – ұлт рухына, тіліне, әдебиет, мәдениетіне қызмет», – деді  «Асыл Сөз» әдеби сыйлығының иегері Алмас Ахметбекұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді

 

Новости партнеров