Алматы дәрігерлері ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Бұл дәрігерлер даярлығының жоғары деңгейін және заманауи медициналық технологиялардың дамығанын көрсетеді.  

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері  ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

№7 ҚКА-ның  жетекші  мамандарының, білікті  хирургтар  мен эндоскопистердің қатысуымен  консилиум өткізілді. Консилиумге  № 7 ҚКА-ның  директоры, профессор Манас Ембергенұлы Рамазанов,  директордың медициналық бөлім (хирургия) жөніндегі орынбасары Қамбар Жұманұлы Байжигитов, № 2 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Мұса Меңдібайұлы Сахипов, эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Аян Байжанов, № 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат  Мұхитұлы Байтурғанов пен хирург Сәкен Бәйімбетов қатысты. Консилиумда  пациентті емдеу тәсілі мен алдағы операция  жоспары талқыланды.

Дәрігерлердің алдында күрделі таңдау тұрды: дәстүрлі кесінділермен ашық операция жасау немесе заманауи құрылғыларды пайдаланып аз инвазивті әдісті қолдану.

Пациенттің клиникалық ахуалы,  КТ деректерін және жалған жылауықтың  инфекциялық  белгілерін ескере отырып, аз инвазивті араласуды - эндоскопиялық цистогастростомияны қолдану туралы шешім қабылданды.

«Операция эндоскопиялық құрылғыны пайдалану арқылы  жасалды. Бұл аз инвазивті тіліксіз  жасалатын операция тәсілі. Операцияны эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі А.С. Байжанов жасады. Дренажды стент  орнату арқылы цистогастростома жасалды» - деді № 1 хирургия бөлімшесінің  меңгерушісі Талғат Мұхитұлы Байтұрғанов.

Операция кезінде арнайы иілгіш құрал эндоскоп пайдаланды -  ол ауыз жолдары арқылы енгізілді. Жабдықтардың бақылауымен олар асқазан мен жылауық қуысының арасында шағын «арна» жасады.

Бұл арна арқылы іші қуыс жіңішке құбыр (стент) салынды, соның арқасында жылауықтың сұйықтығы асқазанға қауіпсіз ағып, кейін ағзадан табиғи жолмен шығып кетті.   

Мұндай әдiстiң басты артықшылығы тері жамылғысында тілік  жасалмауында. Бұл асқыну қаупін едәуір төмендетеді, ауырсынуды азайтады және пациенттің тезірек оңалып қалпына келуіне мүмкіндік береді. Алайда, бұл жағдайда операция ерекше дәлдікті талап етті: жалған жылауық көлемі жағынан  өте  үлкен болып өседі, жұқпалы және ағзаның маңызды мүшелеріне жақын орналасқан.

Емдеу  барысында ірің пайда болғаны анықталды, бұл  әйелдің  клиникалық ахуалының қаншалықты ауырлығын  тағы да растады.

 «Операциядан  кейін науқастың жағдайы тез жақсара бастады: дене қызуы түсті,  ауырсыну белгілері азайды, жалпы көңіл-күйі тұрақтанды. Көп ұзамай жақсы көрсеткіштерімен үйіне  шығарылды» -деді Талғат Мұхитұлы.

Бұл  жағдайдың аурухана үшін маңызды жетістік,  дәрігерлер үшін үлкен тәжірибе болғанын атап айту керек, өйткені мұндай операция мұнда  алғаш рет жасалды.

Бұл дәрігерлердің  даярлығының жоғары деңгейін және қаладағы заманауи медициналық технологиялардың дамуын көрсетеді.  

Жетінші аурухананың дәрігерлер  командасының үйлесімді жұмысының арқасында өте күрделі диагнозды еңсеріп қана қоймай, пациентті  әлдеқайда ұзақ мерзімді қалпына келтіруді талап ететін ауыр ашық операциядан құтқарды.

 Оқи отырыңыз: 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

Новости партнеров