Almaty Half Marathon экологиялық мәдениетті насихаттайтын маңызды алаңға айналды

Ауқымды іс-шара соңында қатысушылар мен еріктілер қоқыстарды сұрыптап, арнайы дүңгіршектерге жинады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Almaty Half Marathon» тек спорттық жарыс емес, экологиялық мәдениетті насихаттайтын маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауқымды іс-шара соңында қатысушылар мен еріктілер қоқыстарды сұрыптап, арнайы дүңгіршектерге жинады. Яғни, мәре аймағында қалдықтарды өңдейтін вело ұсақтағыш орнатылды. Азаматтар құрылғыға пластик бөтелкелер мен қақпақтарды салып, бірден түрлі бұйымдар жасап шығарды. Сондай-ақ жолдарда биодәретханалар, қоқыс жәшіктері қойылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, биылғы Алматы марафон қатысушыларға қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін көрсетті. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының экологиялық санасын арттыруға ықпал етпек.

«Пластиктерді жинап, өңдеп зат жасау – мақсатымыз. Демек қалдықтарды қайта пайдалануға болады. Алматылықтарды экологияны таза ұстауға үлес қосуға шақырамыз», – деді ерікті Аружан Балай.

«Біз экологияға әрқашан назар аударамыз. Сонымен қатар ECO Network-пен тығыз жұмыс жасаймыз. Әр тамақтану пунктінде қоқыс жәшіктері орнатылған және оны эко волонтерлар мен басқа да ұйымдастырушылар жинап, қайта өңдеуге өткізеді», – деді ұйымдастырушы Бекзат Ахметқазы.

Оқи отырыңыз:  Алматының Медеу ауданы автосуару жүйесі дамытуды қолға алды

Новости партнеров