Басқосуда халықты алаңдатқан өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындар шаһар басшысына сауалдарын тікелей қоюға мүмкіндік алды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Медеу ауданындағы бірқатар нысанды аралап, тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басқосуда халықты алаңдатқан өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындар шаһар басшысына сауалдарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Яғни, қоқыс мәселесі, айналма жол, емхананың тарлығы мен дәрігерлердің жетіспеушілігі сияқты өздерін толғандырған тақырыптарды қозғады. Азаматтардың сөзінше, халық саны көп ауданға кең әрі заманауи емхана қажет. Дархан Амангелдіұлы аталған жайттың өзекті екенін атап өтіп, тиісінше қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді
«Біздің емхананың іші тар, бірақ Думанның халқы көп, қазір 4 дәрігер істейді. Мұнда үлкен емхана керек. Осы мәселені шешіп беруін өтіндім. Емхананың орыны бар , оны салу үшін қаржы керек. Әкім өтінішімді тыңдап, шешілетінін айтты», – деді қала тұрғыны Жақан Мұқаев.
«Бас жаспар бойынша таудың етегінен өтетін айналма жол болатын. Осы мәселені айтым. Көпқабатты тұрғын үй салынбайды екен. Тиісті жауабымды алдым», – деді қала тұрғыны Әбдірахман Еламанұлы.
Әкім аудандағы сумен жабдықтау жүйесі бойынша қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, күрделі жөндеуден өткен № 195 бөбекжайдың жай-күйін қарады. Мемлекеттік балабақша заманауи талаптарға сай жабдықталған. Түрлі үйірме залдары, спорт бөлмесі бар. Сондай-ақ жеткіншектердің танымдық қабілетін дамытуға арналған интерактивті панельдер орнатылыпты. Артынша шаһар басшысы азаматтарды жеке-жеке қабылдап, бірқатар мәселелерін тыңдады. Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірін назарға алынатынын айтып, көтерілген сұрақтар бойынша тапсырма берді. ¤
«Зейнеткерлер тауға шыққанды ұнатамыз. Жиналып, демалыс күндері жаяу жүрдік. Алайда тауға қарай жаяу жүру мүмкін емес, электромобиль өте көп. Сондықтан жұмыс күндері шықтық, жаяу адам жүруге ыңғайсыз. Жаяу адам жүретін жол салуын өтіндік», – деді қала тұрғыны Татьяна Крылова.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды