Алматы құтқарушылары тауда екі туристке көмек көрсетті

08.11.2026 14:18

Тауға шыққан жас жігіттер қайтып түсе алмай қалған

Видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданында, Сәтбаев шыңының маңында теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2006 жылы туған екі жас жігітке көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар таңертең тауға шыққан. Алайда төмен түсу кезінде өздігінен әрі қарай қозғала алмаған.

Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, оларды таудан аман-есен төмен түсірді.

Жас жігіттер медициналық көмекке мұқтаж емес. Олар үйлеріне өз бетінше қайтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады

Толық көрсету