Алматы-Қаскелең кептелісі: 4 жолақты жолдар қашан салынады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы 2026 жылы нақты не істелетінін айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға күн сайын облыстан мыңдаған көлік кіреді. Бұл қала кіреберісіндегі жолдарда күнделікті ұзын-сонар кептелістің қалыптасуына әкеледі. Солардың бірі — Алматы-Бішкек автожолы, оның ішінде Қаскелең мен Алтын орда арасындағы аумақты ерекше атап өтуге болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы 2026 жылы нақты не істелетінін айтып берді.

- Қазіргі уақытта апаттық жағдайлар санын төмендету және кептелісті азайту мақсатында республикалық маңызы бар «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 19-27 км (Қаскелең - Үлкен Алматы автомобиль айналма жолы) учаскесін күрделі жөндеу жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында қозғалыс жолақтарын 4-тен 8-ге дейін кеңейту, «таға» типті екі көлік айрықтары, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысы қарастырылған, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Ресми жауапқа сәйкес, жобалау-іздестіру жұмыстарын аяқталу мерзімі - 2025 жылдың желтоқсан айы, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу 2026 жылдың ақпан айына көзделген.

 - 2026 жылға қаржы қарастырылған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер мекеме анықтау мақсатында байқау жарияланытын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылмайды, көлік қозғалысы кезек-кезеңімен бір бағытпен ұйымдастырылады, - делінген жауапта.

Сонымен қатар компанияның Алматы облыстық филиалы кептелістерді азайту және көлік қозғалысын реттеу қазір жаңа бағдаршамдарды орнату жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Новости партнеров