«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы 2026 жылы нақты не істелетінін айтып берді
Алматыға күн сайын облыстан мыңдаған көлік кіреді. Бұл қала кіреберісіндегі жолдарда күнделікті ұзын-сонар кептелістің қалыптасуына әкеледі. Солардың бірі — Алматы-Бішкек автожолы, оның ішінде Қаскелең мен Алтын орда арасындағы аумақты ерекше атап өтуге болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы 2026 жылы нақты не істелетінін айтып берді.
- Қазіргі уақытта апаттық жағдайлар санын төмендету және кептелісті азайту мақсатында республикалық маңызы бар «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 19-27 км (Қаскелең - Үлкен Алматы автомобиль айналма жолы) учаскесін күрделі жөндеу жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында қозғалыс жолақтарын 4-тен 8-ге дейін кеңейту, «таға» типті екі көлік айрықтары, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысы қарастырылған, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Ресми жауапқа сәйкес, жобалау-іздестіру жұмыстарын аяқталу мерзімі - 2025 жылдың желтоқсан айы, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу 2026 жылдың ақпан айына көзделген.
- 2026 жылға қаржы қарастырылған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер мекеме анықтау мақсатында байқау жарияланытын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылмайды, көлік қозғалысы кезек-кезеңімен бір бағытпен ұйымдастырылады, - делінген жауапта.
Сонымен қатар компанияның Алматы облыстық филиалы кептелістерді азайту және көлік қозғалысын реттеу қазір жаңа бағдаршамдарды орнату жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады