Алматы халықаралық әуежайы «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдады

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Бастама аясында әуежай өкілдері Түрксіб ауданындағы №83 мектепке барып, балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарын табыстады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы халықаралық әуежайы дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты. Бастама аясында әуежай өкілдері Түрксіб ауданындағы №83 мектепке барып, балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарын табыстады, 

«Мектепке жол» — Алматы халықаралық әуежайы жыл сайын қолдайтын әлеуметтік жобалардың бірі. Жыл бойы әуежай жергілікті қоғамдастықты қолдауға бағытталған түрлі әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық бастамаларға қатысады. Олардың ішінде балалардың біліміне, дамуына және болашақ мүмкіндіктеріне бағытталған жобалар ерекше орын алады.

Іс-шараға Алматы халықаралық әуежайының президентінің бірінші орынбасары және аға вице-президенті Онур Шатыр қатысты. Онымен бірге акцияға әуежай қызметкерлерінен құралған корпоративтік волонтерлер командасы қосылды. Команда әуежайдың әлеуметтік бастамаларына тұрақты түрде қатысып келеді. Олар оқушылармен кездесіп, балаларға жаңа оқу жылына арналған сыйлықтар табыстады.

«Біз мұнда тек жұмыс істеп қана қоймаймыз — осы қоғамдастықтың бір бөлігіміз және айналамыздағы адамдарды қолдауды маңызды деп санаймыз. Сондықтан мұндай бастамаларға қатысу біз үшін бір реттік акция емес, тұрақты жұмысымыз бен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміздің бір бөлігі», — деді Онур Шатыр.

Алматы халықаралық әуежайы TAV Airports Holding және Groupe ADP құрамына кіреді. Бұл компаниялардың корпоративтік мәдениетінде әлеуметтік жауапкершілік пен жергілікті қоғамдастықтарды қолдау маңызды орын алады. Әуежай өзі бір бөлігі болып табылатын қоғамдастықтың өміріне үлес қоса отырып, әлеуметтік жобаларды әрі қарай дамытып, қолдауды жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Мектепке дайындық: ата-аналар қанша қаражат жұмсайды