Алматы күні: «Almaty vibes» музыкалық фестивалі өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана алаңында таңертең басталған іс-шаралар легі әлі де жалғасып жатыр. Дәл қазір онда қала күніне орай «Almaty vibes» музыкалық фестивалі өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv 

Астана алаңына жиналған жұрттың қарасы қалың. Сахнада Нұрбулин, Баянсұлу, Мирас Жүгінісов, KALIFARNIYA, Айдана Меденова, AYREE, Tұрар, Дарикорн сияқты эстрада жұлдыздары ән салуда.

Күндіз де бұл алаңда мерекелік концерт өткен. Көпшілікке «Сенім» вокалды хоры мен домбырашылар ансамблі, сондай-ақ Музарт лайф сынды өнерпаздар өнер көрсеткен. Қала тұрғындары мен қонақтарынан мерекені асыға күткені байқалады.

Айта кету керек, мерекелік концерттің негізгі бөлімі –  бірегей мультимедиялық жоба - 3D MAPPING SHOW. Яғни, 3D-мэппинг технологиясының көмегімен көрермендерге Алматының қалыптасуынан бастап, қаланың дамуындағы маңызды кезеңдер, бүгінгі келбеті мен болашақ бейнесіне дейінгі визуалды тарихы көрсетіледі. Шоуды қала халқы екі күн бойы сағат 20:00 мен 22:00 аралығында тегін тамашалай алады.

Оқи отырыңыз: Ұлықбек Есдәулет: Алматы – қанша оқысаң да жалықтырмайтын кітап