Оқушылар қазақ халқының бай мұрасын заманауи бағыттармен ұштастыра отырып өнер көрсетті
Алматы мектептерінде ұлттық құндылықтар дәріптеліп келеді. Түрксіб ауданындағы № 59 мектепте өткен іс-шара соған дәлел, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқу ордасындағы ауқымды жиын салт-дәстүр, ғұрып пен әдеттің мән-мағынасын терең түсіндіріп, өскелең ұрпақтың бойына бабалар аманатын сіңіру мақсатында ұйымдастырылған. Оның аясында оқушылар қазақ халқының бай мұрасын заманауи бағыттармен ұштастыра отырып өнер көрсетті. Бұл жас буынның ұлттық сана-сезімін қалыптастырып қана қоймай, олардың шығармашылық һәм көшбасшылық дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.
«Тамаша бишілер, жақсы әншілер бар екен, оркестрі қандай керемет. Сол сияқты ұстаздары да өте жақсы қарсы алды, қуаныштымыз. Ата-ана ретінде жақсы демалып қалдық. Немереміз осында оқиды», - деді ҚР Мәдениет қайраткері Жолаушы Тұрдығұлов.
Оқи отырыңыз: Жол жоқ: Павлодар облысында ауыл балалары онлайн оқуға мәжбүр