Алматы облысы Жамбыл ауданында тағы бір АЭС салынады

Агенттік төрағасының айтуынша, бұл аймаққа электр энергиясы «Солтүстік – Оңтүстік» транзиті арқылы жеткізіліп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Жамбыл ауданында тағы бір АЭС салынатын болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, процестің барлық қатысушысымен келіссөз жүріп жатыр. Агенттік төрағасының айтуынша, бұл аймаққа электр энергиясы «Солтүстік – Оңтүстік» транзиті арқылы жеткізіліп отыр. Сондықтан жаңа станса энергиямен сенімді әрі тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ететінін жеткізді. Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, шешім қабылдау кезінде мердігердің жұмысына, техникалық шешімдерге және қазақстандықтардың нақты бір вендорға қатысты көзқарасына байланысты барлық мәселелер толықтай ескеріледі. Одан бөлек, Абай облысындағы Курчатов қаласы атом электр стансасын салуға перспективалы алаң ретінде қарастырылып отырғанын айтты.

«Егер нақты жоспарға келсек, ол Үкіметтің шешіміне, энергетикалық баланс болжамы мен ұлттық электр желісін дамыту қажеттілігіне байланысты болады. Құрылысқа жарамды деп танылған алаңда қуаттылығы 125, 300, 600 және 1200 мегаватт болатын блоктары бар стансаларды салуға болады. Жақын арада тиісті есеп дайындалады», – деді ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: «Халық қатысатын бюджет» жобасы: алматылықтар 4 632 өтінім берді

Новости партнеров