Алматы облысында автобус пен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қылмыстық іс тіркеліп, апаттың барлық мән-жайын анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, 24 жастағы Chevrolet Nexia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Сол сәтте жеңіл көлік жолаушылар автобусы мен сол бағытта келе жатқан Chery Tiggo автокөліктеріне соқтығысқан.

Оқиға орнында Chevrolet жүргізушісі алған жарақатынан қаза тапты. Екі жолаушысы мен Chery жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс тіркеліп, апаттың барлық мән-жайын анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақшаны электронды әмияннан аударады: мамандар күмәнді платформаларға сенбеуге шақырды

Новости партнеров