Алматы облысында балабақшалардың бірінде жасанды интеллект енгізілді

19.02.2026 18:32

Бүлдіршіндер «Smart teacher Қонаев» жүйесі арқылы тапсырма орындап, танымдық ойындар ойнайды

Алматы облысындағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде алғаш рет жасанды интеллект енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұдан былай бүлдіршіндер «Smart teacher Қонаев» жүйесі арқылы тапсырма орындап, танымдық ойындар ойнайды. Тәрбиешілер де арнайы курстан өтіпті. Бөбектердің балабақшаға кірген сәтінен бастап, шыққанға дейінгі іс-әрекеті жүйеге енбек. Бүгінде бағдарлама тек бір ғана бөбекжайға қосылған. Алдағы уақытта қалған мекемелер де қамтылмақ.

«Біздің стандартымыз бойынша, бала балабақшаға кіргеннен бастап, шыққанға дейін ойын түрінде іс-әрекеттер көрсетіледі. Сол ойын түріндегі іс-әрекеттерге ЖИ қолданып, ары қарай жүзеге асырылуда.  Мақсаты – балаларды ерте жастан цифрлық дағдыға тәрбиелеу, көрсету, түсіндіру», – деді  «Ақдидар» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Наркес Сасенова.

«Бұл шара ары қарай жалғасын табады. Жобаның соңында педагогикалық мәртебені арттыру мақсатында қаламыздың орталық саябағында жобаға белсене қатысқан педагогтарымызды марапаттау рәсімін өзгертеміз», – деді Қонаев қалалық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманәлиева.

Оқи отырыңыз: Алматы – музейлер қаласы: үздік мамандар Түркия елінде өтетін тағылымдамаға жолдама алды