Байқауда 13 үміткер арасында жоғары ұпай иеленген 3 қызметкер үздік деп танылды
Алматы – музейлер қаласы. Дәл осындай атаумен бүгін экскурсия жетекшілері арасында байқау өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Екі кезеңнен тұратын додада қатысушылар музейлік сторителлинг, квест-экскурсия, тақырыптық маршрут құрастыру және ораторлық шеберлік бойынша бақ сынады. Жалпы іс-шараға 13 үміткер қатысқан. Олар – қалалық музейлер бірлестігіне қарасты мұражай мамандары. Жоғары ұпай иеленген 3 қызметкер үздік деп танылып, Түркия елінде өтетін тағылымдамаға жолдама алды.
«Экскурсовод – тек музейдегі бір бөлшек емес, тарихты тірілтетін, өткен мен бүгінді жалғайтын адам. Бірінші орын иелегенгенім, ұзақ уақыт бойы жасаған жұмыстың арқасы деп білемін», – деді Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінің экскурсоводы Әдемі Мұратова.
«Түрксой мұндай іс-шараларға үлкен көңіл бөледі. Барлық Түркі тектес халықтардың бір алада осындай үлкен іс-шаралар өткізген кезде , солардың мәдениетін, әдебиетін таныту сияқты шаралар маңызды болып есептелінеді. Сол үшін өте қуаныштымыз бүгінгі осындай іс-шараға қатысқанымызға», – деді Түрксой ұйымындағы қазақстан өкілі Нышангүл Қаратаева.
Оқи отырыңыз: Олжас Сүлейменов - 90: Алматыда ақынның қазақ руханиятына қосқан үлесі насихаталды