Алматы облысында бір айда браконьерлікке қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

19.11.2025 16:15

Оның ішінде 11 қылмыстық, сондай-ақ 230 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген

Depositphotos

Алматы облысында заңсыз аң аулауға пен балық аулауға қарсы бағытталған «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 айға жуық уақыт ішінде табиғатты пайдалану заңнамасын бұзудың 241 дерегі анықталғае. Оның ішінде 11 қылмыстық, сондай-ақ 230 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.

"Рейдтер барысында заңсыз аң атуға және балық аулауға қолданылған құралдар тәркіленіп, құқық бұзушыларға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды. Полицейлер аңшылық алқаптарында, қорықтық аумақтарда,
су айдындарында тексерістерді жалғастырып жатыр", - деп хабарлады департаменттен.

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандар үшін ірі көлемдегі айыппұл мен қылмыстық жаза қарастырылғанын еске салады.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болашақ: Алматыда сурет байқауы өтті