Алматы облысында бір үйден 4 адамның мәйіті табылды

05.02.2026 12:56

Бұл ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады

Аlmaty.tv

Алматы облысындағы шаруашылық қожалығында бір отбасы қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

БАҚ беттерінде тараған бұл ақпаратты Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі растады.

Департамент мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауданының әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат түскен.

— Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның денесін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты, — деп хабарлады ТЖД.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында алтынды заңсыз өндіру деректері анықталды