Түркістан облысында алтынды заңсыз өндіру деректері анықталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күдікті тұлғаларға қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, тексеру барысында 12 тұлға рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені анықталды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5  күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Ерлі-зайыпты блогерлер 247 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапқан - ҚМА

Новости партнеров