Алматы облысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды

30.10.2024 19:14

Баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

elements.envato.com

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша, Алматы облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

"Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жұбайын өлтірген азаматқа сот үкім кесті